Ақтоғай ауданында құрғақ шөп жанды

Ақтоғай ауданында құрғақ шөп жанды

Ақтоғай ауданы Қарабұлақ с/о Қарасу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде құрғақ шөп жанды. Өрт 26 тамызда сағат 12:44-те басталды. Өрттің алдын ала аумағы - 37 га. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өрт сөндіру құрамалары жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, өрт қауіпті кезеңде ашық аумақта, ағаш құрылыстарының жанында құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге, қалың өскіндерде, ағаштардың түбінде от жағуға, далада құрғақ шөпті жағуға болмайды. Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз. Отпен абай болыңыздар!


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі