
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарда облыс бойынша қатты аяз жағдайында өрттің алдын алу бойынша кезекті профилактикалық акция өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, сатушылар мен келушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу үшін сауда орындары мен ашық базарларды аралады.
Іс-шаралар барысында электр жабдықтарын, жылыту аспаптарын, тұрмыстық газ баллондарын дұрыс пайдалану және сақтық шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, қатысушыларға өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін және қауіпті жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін түсіндірді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың қыс мезгілінде ерекше маңызды, өйткені бұл кезеңде электр желілері мен жылыту жүйелеріне түсетін жүктеме артады. Негізгі мақсат – қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрт шығу қаупін төмендету.
Құрметті тұрғындар! Әрбір өмір біз үшін маңызды екенін ұмытпаңыз!