
21 қаңтарда Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтіп, онда су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды. Қарағанды облысының әкімі барлық өңірлерді тыңдап, қордаланған түйткілді мәселелерді талқылады. Ермағанбет Бөлекпаев облыстың елді мекендерін су басу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қойды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары аясында облыста барлығы 180-нен астам іс-шара жүзеге асырылды. 65 шақырым қорғаныс бөгеттері мен жағалаулар салынды және нығайтылды, өзен арналарының 18 шақырымнан астам су басу қаупі бар учаскелері қалпына келтірілді, 26 шақырым су бұру жүйелері тазартылды. Магистральдың 75 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды.
Су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп, бақылауда.