Өткен тәулікте Қарағанды облысы автожолдарында ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған 15 адамды эвакуациялады

Өткен тәулікте Қарағанды облысы автожолдарында ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған 15 адамды эвакуациялады

Өткен тәулікте Қарағанды облысы автожолдарында ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған 15 адамды эвакуациялап, жақын елді мекендерге жеткізді.

Бұқар-жырау ауданында, Үштөбе ауылдық округінде, Атамекен ауылынан 4 км қашықтықта ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері жолдағы қиындықтарға байланысты жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті. 1969 жылы туған әйел шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етті. Ол жол талғамайтын көлікпен жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, Қарағанды қаласындағы Макажанов атындағы клиникаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта облыста жағдай тұрақты, келесі 6 учаскені қоспағанда, жолдар ашық, оның 4-і республикалық, 2-уі облыстық маңызы бар:

- 20.01. сағат 19-00-ден бастап «Екатеринбург – Алматы» (1353 – 1426 км, Ақмола облысы шекарасы – Теміртау ақылы өткізу пункті);

- 20.01. сағат 23-00-ден бастап «Екатеринбург – Алматы» (1505 – 1610 км, Атамекен ауылы – Ақсу Аюлы ауылы);

- 20.01. 23:30-дан бастап «Екатеринбург – Алматы» (1610 – 1854 км, Ақсу-Аюлы ауылы – Балқаш қаласы).

- 21.01. сағат 08:30-да «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» (51-266 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы).

- 20.01. 20-00 «Осакаровка – Молодежное» (0 – 81 км);

- 20.01. 20:00-ден бастап «Нұра - Осакаровка» (0 - 83 км).

 

Қарағанды ​​облысында дауылды ескерту жалғасуда. Облыстың басым бөлігінде қарлы боран сақталады.

Осыған байланысты облыс тұрғындары келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет:

- Елді мекендерден тыс жерлерге шығудан және серуендеуден аулақ болыңыздар!

- Жол жабылған аймақтарда көліктердің кептелісін жасамаңыздар!

- Жол бойындағы учаскелерде қолайсыз ауа-райын күтіңіздер!

- Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшалары мен әлеуметтік желілердегі жолдардың жабылуы, көлік қозғалысының шектелуі немесе ашылуы туралы ақпаратты қадағалаңыздар!

Барлық оқиғалар мен төтенше жағдайлар бойынша 112 нөміріне хабарласыңыздар!