Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары Рустамбек Амриннің төрағалығымен облыстық прокуратура мен "Қазгидромет" РМК филиалының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда халыққа дауылды ескертулерді хабарлау мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел барысында ТЖ Департаменті мен "Қазгидромет" РМК ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескерту алған кездегі өзара іс-қимыл алгоритмі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген алгоритмге түзетулер енгізу және халықты ауа-райы туралы хабардар ету өлшемдерін қайта қарау ұсынылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі