
Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 3 адамнан тұратын құтқарушылар тобы Қарқаралы таулы орман оазисі бойынша бірінші күрделілік санатындағы жорықтан өтті.
Ықтималды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу орнын терең зерттеу мақсатында топ, бас құтқарушы Сергей Ракулдың басшылығымен Пашенное көлі, Көктөбе таулары, Кедара жазығы, Аюшат таулары, Сосновый бор, Тасбұлақ шатқалы, Табиғат мұражайы, шатыр үңгірі, Үш үңгір, Бассейн көлі, Шайтанкөл көлі, Қызылтас поляны, Жиренсақал таулары, Комиссаровское шатқалы, Большое көлі және Туристер Слетінің алаңы арқылы күрделі маршруттан өтті.
6 күн ішінде құтқарушылар қауіпті учаскелерді, су кедергілерін еңсеруге тура келді. Бағыт барысында құтқарушылар тек түнеу, дайындық және тамақтану үшін аялдамалар жасады, шатырлы лагерь құрды.
Маршруттан өтіп, барлық растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін оларға жаяу жүргіншілер туризмі бойынша 3 спорттық разряд беру туралы қолдаухат қаралатын болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі