
Жылыту кезеңінде тұрмыстағы өрттердің алдын-алу жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысы ТЖД және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіру бойынша тұрғын үй секторында кезекті профилактикалық жұмысты ұйымдастырды. Бұл жұмысқа академик А.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері де белсенді қатысты.
Бұл ретте қарт адамдармен, көпбалалы отбасылармен және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен алдын алу жұмыстарына басты назар аударылды, онда 94 дана улы газ датчиктері орнатылды.
Құрметті азаматтар! Күнделікті өмірде өрттің алдын-алу үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет:
Өрт және төтенше жағдайлардың барлық фактілері бойынша 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар!