Құтқарушылар Қарқаралы орманында адасқан саңырауқұлақ терушілерді тапты

Құтқарушылар Қарқаралы орманында адасқан саңырауқұлақ  терушілерді тапты

24 тамыз күні сағат 02:50-де 23 тамыз күні таңертең орманға саңырауқұлақ теруге кетіп, қайтып оралмаған адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
23 тамызда Теміртау қаласынан екі отбасы Қарқаралы ауданына саңырауқұлақ жинауға келгені белгілі болды. Көлікті демалыс үйлерінің бірінің аумағында қалдырып, олардың үшеуі (екі әйел мен ер адам) орманға кетті. Автокөлікте қалған ер адам түнге дейін қайтып оралмаған оларды уайымдай бастайды. Телефондары өшірілу болғандықтан, ол Қарқаралы ауданының жергілікті полициясына жүгінуге шешім қабылдайды.
Оқиға орнына Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары, полиция және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері шықты.
24 тамыз күні таңертең сағат 07:48-де жоғалған адамдар демалыс аймағынан 12 шақырым жерден табылып, Қарқаралы қаласына жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Адасқандардың айтуынша, орманда байланыс болған жоқ. Сондықтан түнді орманда өткізуге тура келеді. Суық болғандықтан, олар отты жағып, таңертең қоңырау шалып, шамамен орналасқан жерлерін түсіндіре алды.
Құтқарушылар орманға жорық кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: орманға шығар алдында туыстарыңызға қайда бара жатқаныңызды ескертіңіз, саңырауқұлақтар мен жидектерді жинау орны мен ауданын белгілеңіз, оралудың "бақылау уақытын" белгілеңіз, өзіңізбен байланыс құралдарын алыңыз, көрінетін бағдарларды үнемі қадағалаңыз.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі