
23 тамыз күні сағат 22:31-де Абай ауданы Топар кентіндегі Қазақстан көшесіндегі үйдің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына 21-ӨСБ және 63-ӨСБ жеке құрамынан 11 адам және 3 бірлік техника шықты.
Оқиға орнына жеткен соң, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша төрт бөлмелі тұрғын үйдің жанып жатқандығы анықталды. Өрт салдарынан 8 ш.м. алаңда жиһаз, үй заттары, ағаш терезелер және бөлме аралық есік блоктары жанып кетті. Өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының шебер іс-әрекеттерінің арқасында оттың басқа бөлмелерге таралуына жол берілмеді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз пайдалану.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
ақаулы тұрмыстық электр құралдарын, ескірген немесе ақаулы электр сымдарын, қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз;
электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;
отты пайдалану кезінде, әсіресе мас күйінде ұқыпсыздық танытпаңыз;
төсекте жатып темекі шегуге болмайды, темекі шоқтарын тастауға болмайды;
тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі