Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығы

Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығы

Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне негізгі дайындық жұмыстары аяқталды. Барлығы 180 инженерлік іс-шара жүзеге асырылды. 65 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, өзендер арналарының 18 км астам су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 26 км дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды. Автожолдардың 75 учаскесінде су өткізу қабілеті артты.

Қазіргі уақытта облыста материалдық-техникалық және қаржылық резерві, ЖЖМ, азық-түлік, инертті материал және қаптар қалыптастырылуда. Елді мекендерден қар тазалау жұмыстары жандандырылды.

Су өткізгіш құбырлар мен құдықтарды тазарту, каналдар мен траншеяларды кесу, сондай-ақ автоматты тасқын су төгінділерін тазарту жұмыстары ақпан айында басталады.

ЖАО-ның үйлестірілген жұмысын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылы облыстың халқын, аумақтарын және шаруашылық жүргізуші субъектілерін тасқын сулардан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарда ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралардың барлық кешені қарастырылған.

Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі