
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, «Alash Pride» лигасының қазіргі чемпионы Санжар Әділовті ерекше құрметпен қарсы алды.
Санжар жақында Шымкент қаласында өткен «Alash Pride» турнирінің басты жекпе-жегінде өз шеберлігін тағы да дәлелдеп, чемпиондық белдігін қорғап шыққан болатын.
Турнир барысында Санжар Әділов екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, өзінің жоғары деңгейдегі спорттық дайындық пен табандылығын көрсетті. Бұл жеңіс тек оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі үшін де үлкен мақтаныш.
Санжардың құрметіне өткен салтанатты жиында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев Санжардың жетістігін ерекше атап өтіп, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлының құттықтау сөзін жеткізді.
"Санжар Әділов—біздің ТЖМ мақтанышы. Оның ринктегі жеңістері тек спорт саласында ғана емес, біздің қызметімізде де өз үлгісін көрсетеді. Санжардың табандылығы мен жігері барша әріптестерімізге үлгі болады деп сенемін", — деп атап өтті Марғұлан Аманбаев.
Қарағанды облысы ТЖД