15 тамыздан бастап Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымында халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндіруге бағытталған "өрт қауіпсіздігі айлығы" өтуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді.
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен бірлесіп аулаларды аралап, азаматтарға жылыту жүйелерін ұзақ уақыт пайдалануға дайындау, атап айтқанда пештерді жөндеу, түтіндіктерді күйеден тазарту қажеттілігі туралы ескертеді. Аралау барысында өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылады.
Айлық аясында әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы 380 үйге аралау жүргізілді.
Үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін орнату, сондай-ақ жылыту және электрмен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде барлығы 2039 датчиктер орнатылды.
Айлық ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі