
Қазақстан ТЖМ апатты жағдайларға ден қоюды жақсарту үшін техниканы жаңартуды жалғастыруда. Қарағанды облысының ТЖД-ға 15 бірлік жаңа техника түсті, оның ішінде өртті сөндіруге арналған 5 автомобиль, конологиялық қызметке арналған Toyota Hilux жол талғамайтын көлігі, экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге арналған батпақты, сазды жерлерде жүретін екі ТРЭКОЛ ВЕГА көлігі және трейлері бар MARLIN құтқару қайығы. Сондай-ақ, су астындағы іздеу жұмыстарына арналған эхолот, 166 жауынгерлік киім жиынтығы және ауаны зарядтауға арналған компрессор сатып алынды.
Бұл шаралар төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін едәуір арттырады, құтқару операцияларын жеделдетеді және кез келген жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.