Өрт сөндірушілер ерлік пен жанқиярлық үшін марапатталды

Өрт сөндірушілер ерлік пен жанқиярлық үшін марапатталды

Қарағанды облысында ерлік көрсеткен өрт сөндірушілер марапатталды.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес, «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төсбелгісімен Қарағанды облысының азаматтық қорғау қызметінің екі қызметкері – Саян Күмісбеков пен Олжас Әлімхан марапатталды.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев өрт сөндірушілерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, олардың денсаулық жағдайларын сұрап, төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.

Төсбелгілер 2024 жылғы 6 қазан күні Қарқаралы ауданында болған ауқымды далалық өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлік пен кәсібилік үшін табыс етілді.

Олардың жанқиярлығы мен жоғары дайындық деңгейі мемлекеттік деңгейде лайықты бағаланып, құрметке бөленді.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі