20 тамызда Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Күлшімбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде қауіпті өрт және шомылу маусымдарының қауіпсіз өту мәселесі бойынша брифинг өткізді.
Бірінші кезекте бастық Қарағанды облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдарының облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жоғары дайындығын атап өтті. Қарағанды облысының гарнизонында өрттерді жою үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 36 бөлімшесі, жеке құрамнан 2000 адам, 380-нен астам бірлік техника бар. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Федоров, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Кеңгір су қоймаларының жағалауларында, сондай-ақ Балқаш және Айнакөл көлдерінде орналасқан құтқару бөлімшелерінің күштері жоғары дайындық режимінде су қоймаларында орналасқан. Бөлімшелер қажетті автомобиль техникасымен және жүзу құралдарымен жабдықталған.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде дала өрттері мен өрттерге ден қою үшін жергілікті атқарушы органдар қажетті қару-жарақпен 500-ден астам ерікті өртке қарсы құралымдар және 23 өрт сөндіру бекеттері құрылды, олардың қорғауында жалпы халық саны 35 мың адамнан астам 52 елді мекен бар.
"2020 жылғы өрт қауіпті кезеңі басынан облыс аумағында 16 орман өрті, 12 мың га астам алқабында 7 дала өрттері мен 205 құрғақ шөптін жанулары болды. Табиғи өрттер мен жанудың пайда болуының себебі негізінен халықтың отты абайсыз қолдану болып табылады: өтіп бара жатқан автомобильдердің терезелерінен тасталған сөндірілмеген сіріңке мен темеке тұқылдары, тавбиғаттағы серуендерден кейін сөндірілмеген алау, бақыланбайтын немесе құрғақ өсімдікті қолданбаған өртеу", - деп атап өтті Департамент бастығы.
Суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін алдын ала халықпен үгіт-түсіндіру жұмыстары басталғандығы атап өтілді.
Дауылды ескертулер мен коронавирустық пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, облыс халқы демалуға, оның ішінде су айдындарына белсенді түрде шығуды жалғастыруда.
ТЖД бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су айдындары мен табиғи жағажайларда жаппай демалу орындарында 973 профилактикалық рейд және 2816 патрульдеу жүргізді. Сондай-ақ, жыл басынан бері халықпен 17 мыңнан астам адамды қамтитын әңгімелесулер мен дәрістер өткізілді, 278 тыйым салу белгілері, 60-тан астам көрнекі стендтер мен баннерлер орнатылды.
Суға шомылу кезеңінің басынан бері жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, өз күштерін бағаламау, алкогольдік масаң күйде, балаларды қараусыз қалдыру, облыстың су айдындарында жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде 14 адам, оның ішінде бес бала суға кетті.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД бөлімшелері суда 18 адамды құтқарды. Негізінен өз күштерін асыра бағалаған, жағадан алыс, соның ішінде үрмелі құрылғыларда, мас күйінде жүзген адамдарды және балаларды құтқарады.
ТЖД басшысы азаматтарды шомылу маусымында ерекше назар аударуға, балалардың ересектердің қарауынсыз шомылуына жол бермеуге, жағажайларда және су станцияларында, қажет болған жағдайда кәсіби көмек көрсетілетін жерлерде белгіленген орындарда шомылуға шақырды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі