Өрт қауіпсіздік айлығы

Өрт қауіпсіздік айлығы

Республикалық “Өрт қауіпсіздік айлығы” акциясы аясында Теміртау қаласының ТЖ Басқармасы қызметкерлері өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен бірлесе Теміртау қаласының Оң жағалауындағы тұрғын секторды аралау бойынша рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері, мұржаларды тазалау және өрт қауіпсіздігі шараларын, соның ішінде жаңа жылдық мерекелер кезеңінде өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіндіріп, еске салды. Сонымен қатар, 12 тұрғын үйлерде улы газ датчиктері орнатылды.

Бұл рейд тұрғындарға өрт қаупін азайтуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ақпараттандырылуын күшейтуге ықпал етті.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі