
Қарағанды қаласында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда.
Қарағанды қаласында 2024 жылы ұзындығы 17 110 метр нөсер жүйесінің жұмыс істеуі қалпына келтірілді, оның ішінде 8420 м жабық типтегі, 8690 м арық жүйесі. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының шетінде ұзындығы 2 шақырымнан асатын айналма арнаны, 529 метр нөсер коллекторларын орнату және кіші Бұқпа өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қала аумағының су тасқынынан қорғалу деңгейін бағалау үшін 2024 жылғы 4 желтоқсанда өткізіліп жатқан іс-шараларға аралау жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шаралар еріген сулармен туындаған проблемаларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі