«Таир» сауда ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

«Таир» сауда ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

3 желтоқсан күні Қарағанды облысы ТЖД мен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері бірлесіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Аталған іс-шара барысында СОО әкімшілігі үшін арнайы оқыту сессиясы ұйымдастырылды, онда өрт қауіпсіздігі жөніндегі мамандар электр аспаптарымен жұмыс істеу ережелеріне, өрт дабылы жүйелеріне, эвакуациялау жолдарына, өрт сөндіргіштерді дұрыс пайдалану және өрт қауіпсіздігінің басқа аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, СОО-ның дұрыс пайдалануы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында келушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Оның мақсаты – халықтың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардар болу деңгейін анықтау.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, көпшілік респонденттер өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын түсінетінін мәлімдеді. Дегенмен кейбіреулер жақын эвакуациялық шығу есіктерінің орналасқан жерін білмейтінін немесе өрт сөндіргішті қолданбағанын мойындады.

«СОО-да өткізілген іс-шаралар өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактика мен оқытуды тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын көрсетті. Мұндай тәсіл төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға, сондай-ақ қызметкерлер мен келушілердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді!» – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Құрмет Жұмекенов.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі