Жылыту маусымында тұрғын секторында профилактикалық рейд.

Жылыту маусымында тұрғын секторында профилактикалық рейд.

Қарағанды облысында жылыту кезеңінде үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында ТЖ департаменті аппаратының қызметкерлері Бұқар жырау ауданының жергілікті атқарушы органы, полиция бөлімі және баспа басылымымен бірлесіп, тұрғын секторды аралау бойынша рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері, мұржаларды тазалау және өрт қауіпсіздігі шараларын, соның ішінде жаңа жылдық мерекелер кезеңінде өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіндіріп, еске салды. Сонымен қатар, Көкпекті ауылының әлеуметтік осал топтағы 5 отбасының үйлеріне улы газ датчиктері орнатылды.

Бұл рейд тұрғындарға өрт қаупін азайтуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ақпараттандырылуын күшейтуге ықпал етті.

«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өмірді, денсаулықты және мүлікті сақтаудың кепілі. Сіздің мұқияттылығыңыз бен жауапкершілігіңіз қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!» - деп Қарағанды облысы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Жұмекенов Құрмет белгілеп кетті.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі