Қызметкерлердің марапаттары.

Қызметкерлердің марапаттары.

2024 жылғы 21-22 қарашада «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ұйымдарын жетілдіру, сондай-ақ органдарды, күштер мен басқару құралдарын дайындау болды.

Республикалық оқу-жаттығуларға белсенді қатысқаны үшін бастықтың орынбасары полковник Роллан Есмағанбетов Қарағанды облысы гарнизоны мен облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлерін Қарағанды облысы ТЖД бастығы полковник Марғұлан Аманбаевтың қолы қойылған Алғыс хатпен марапаттау рәсімін өткізді.

Сонымен бірге, ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, № 52859 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары марапатталды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі