Облыстық эвакуациялық комиссияның отырысы өткізілді.

Облыстық эвакуациялық комиссияның отырысы өткізілді.

2024 жылғы 29 қарашада Қарағанды облысының әкімдігінде облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Сағындықұлының төрағалығымен эвакуациялық комиссияның отырысы өтті.  

Күн тәртібінде «Облыстың эвакуациялық органдарының 2024 жылғы жұмысын қорытындындылау. Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын» және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің эвакуациялық іс-шараларға дайындығы қарастырылды.

Іс-шараға қалалар мен аудандардың эвакуациялық комиссияларының төрағалары, эвакуациялық комиссияның облыстық құрамы және басқа да мүдделі ұйымдар қатысты.

Өз баяндамасында ТЖ департаменті бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов комиссия мүшелерінің хаттамалық тапсырмаларды орындау сапасын көрсетіп, эвакопункттерді іс жүзінде орналастыру кезіндегі кемшіліктерді атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша эвакуациялық пункттерді өрістету бойынша қосымша профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі