
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ЖАО, ЖПҚ өкілдері және еріктілермен бірге өңірдегі су айдындарында рейдтер ұйымдастыруда. Акцияның мақсаты – қыс мезгілінде мұз үстінде болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу.
Іс-шаралар барысында акцияға қатысушылар тұрғындарға қысқы балық аулаудың қауіптілігі мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды. Балықшылармен түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, онда мұздың қалыңдығын дұрыс бағалау, мұз жарылған жағдайда қалай әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету туралы айтылды.
Рейдтердің нәтижесінде мұз үстінде мінез-құлық ережелерін бұзу фактілері анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, акция аясында нұсқаулықтар ұйымдастырылды:
«МҰЗ-2024» акциясы халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған, әсіресе мұздың беріктігі жеткіліксіз жағдайларда. Еске саламыз, мұздың қауіпсіз минималды қалыңдығы 10–15 см құрайды.
Профилактикалық іс-шаралар маусым бойы жалғасады. Құтқарушылардың, ЖАО, ЖПҚ өкілдері мен еріктілердің негізгі міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі