
2024 жылғы 22 қарашада Қарағанды қаласында әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға ата-аналар, ардагерлер, Қарағанды облысының ТЖД және ҚІД өкілдері қатысты.
Рәсім аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің техникасы көрсетілді, бұл шараға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қонақтар төтенше жағдайларды жою мен адамдарды құтқаруда қолданылатын заманауи жабдықтармен және техникалармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Шақырылушылар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөліміне қызмет етуге жіберілді. Бұл оқиға ТЖМ-де қызмет етудің маңыздылығын, ведомствоның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін және оның қызметкерлеріне деген құрметті ерекше атап өтті.
Салтанатты рәсім шараға қатысушылардың барлығында ұмытылмас әсер қалдырды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз орталығы