Қарағандыда құтқарушылар пәтерде баласы ұйықтап қалған анаға үйге кіруге көмектесті

Қарағандыда құтқарушылар пәтерде баласы ұйықтап қалған анаға үйге кіруге көмектесті

14 тамыз күні сағат 20:10-да "101" нөміріне Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі бойынша орналасқан пәтерде 2013 жылы туған баланың есік ашпай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған мекен-жай бойынша 13-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары шықты. Олар бесінші қабаттың ашық терезесіне автосаты орнату арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашып, анасын үйге кіргізген. Бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары балаларға күшейтілген қараудың қажеттігін ескертеді. Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызмет