Қарағандылық құтқарушы күміс медаль жеңіп алып, гір спортынан Әлем Кубогының вице-чемпионы атағына ие болды.

Қарағандылық құтқарушы күміс медаль жеңіп алып, гір спортынан Әлем Кубогының вице-чемпионы атағына ие болды.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің №28 өрт сөндіру бекетінің қызметкері Роман Герасименко 85 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, 15-18 қараша аралығында Қытайдың шығысындағы Хайнинг қаласында өткен гір спорты бойынша Әлем Кубогының вице-чемпионы атағына ие болды.  

Бұл жетістік гір көтеруден Қазақстан Республикасының спорт шебері Романның спорттық мансабындағы кезекті жетістігі болды.

Спортшымызды лайықты медальмен құттықтаймыз және спорт ареналарында жаңа жеңістер тілейміз!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі