Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі!

Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі!

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғын үй секторында алдын алу іс-шараларын жалғастыруда.

Бүгінгі күні ағымдағы жылдың тамыз айының басынан бастап өрттің алдын алу бойынша 29 298 тұрғын үй араланып, 57 801 адам қамтылды. Тұрғын үй секторында 6859 адамды қамтитын 357 жиналыс пен жиын өткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1891 өрт хабарлағыш датчиктері орнатылды. 2018 жылдың басынан бері барлығы 7597 өрт хабарлағыш датчиктері орнатылды.

Аулаларды аралау барысында «Оттан сақ бол!», «Сіріңке - бір өмірдің құны», «Қауіпсіз пеш!», «Таза түтін мұржасы», сондай-ақ «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» кең ауқымды акциясы өткізілді.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Қарағанды облысының ТЖД барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін назардан тыс қалдырмауға шақырады!

Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі ескерту оңай!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі