Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен білім басқармасы азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында азаматтық қорғау саласында сабақтар өтетін білім беру орталығы өз есігін айқара ашты. Бұл білім беру орталығы балалар мен жастардың төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған. Жаңадан құрылған орталық апаттық-құтқару құралдарымен, тарихи экспонаттармен және тақырыптық әдебиеттермен жабдықталған.

Орталық қабырғасында оқушылар өз өмірлерін және жақындарының өмірлерін қиын жағдайларда сақтап қалу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды игереді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі