2024 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Академик А.С. Сәгiнов атындағы Қарағанды техникалық университеті» АЕҚ жатақханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу университет жатақханасында өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Бұл іс-шараның арқасында студенттер мен қызметкерлер өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы пайдалы дағдылар мен білім алып, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын жақсырақ түсінді.
Оқу-жаттығу нәтижесінде барлық қатысушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттану деңгейі жоғарылады. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу адамдарды төтенше жағдайларға дайындауға ғана емес, сонымен қатар жаппай эвакуация жағдайында дүрбелеңнің туындауын болдырмауға көмектеседі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі