Брифинг «Жылыту кезеңі. Газ жабдықтарын пайдалану».

Брифинг «Жылыту кезеңі. Газ жабдықтарын пайдалану».

Бүгін «SARYARQA» телеарнасының алаңында брифинг өтті, оған Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Жұмекенов қатысты.

Жылыту кезеңі басталғаннан бері облыс аумағында  тұрғын үй секторында 60 өрт оқиғасы орын алды. Өрт кезінде 3 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Өрт туындауынсыз пештен бөлінген улы газдан 5 адам жарақат алды.

Биылғы жылы өрт пен көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жұмыстары 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу жоспарына сәйкес тамыз айынан бастап жүргізілуде.

Өрттің алдын алу бойынша 24 мыңнан астам  тұрғын үй араланып, 49 мыңнан астам  адам қамтылды. Тұрғын үй секторында 6478 адамды қамтитын 337 жиналыс пен жиын өткізілді. «Оттан сақ бол!», «Сіріңке-бір өмірдің бағасы», «Қауіпсіз пеш!», «Таза түтін мұржасы», сондай-ақ кең ауқымды «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» акциялары өткізілді. БАҚ-да 345 жарияланымдар ұйымдастырылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының  тұрғын үй тізімдері қалыптастырылып, есепке 4480 тұрғын үй алынды. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап профилактикалық жұмыстармен жоғарыда аталған топтардың 11 мың 938 адамы қамтылып, барлығының үйлері араланды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 3695 өрт хабарлағыштары орнатылды.

2018 жылдан бастап әлеуметтік осал халықтың үйлерінде барлығы 7338 улы газ датчиктері орнатылды.

Өрттердің негізгі саны әдетте ескі және тозығы жеткен, жанғыш құрылыс конструкциялары бар, пайдалану мерзімі 50-70 жылдан асқан жеке тұрғын үйлер мен құрылыстарға тиесілі.

Сонымен қатар, өрт жағдайына халықтың әлеуметтік жағдайы үлкен әсер етті. Негізінде бұл аз қамтылған немесе қоғамға жат өмір салтын ұстанатын халықтың топтары.

Жыл сайын өрттің пайда болуының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың жарақаттануын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігі мәселесіне мұқият және байыпты қарауды сұраймыз. Егер Сіз белгілі бір ережелерді сақтасаңыз, кез-келген бақытсыздықты алдын алуға болады, мысалы:

- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз;

- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз;

- мұржаларды уақтылы тазалаңыз (үш айда 1 рет);

- пешті қатты қыздырмаңыз;

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;

- балаларға пеш жағуға рұқсат бермеңіз немесе сеніп тапсырмаңыз;

- жанып жатқан пешті бақылаусыз қалдырмаңыз және оларды балаларға қарауды тапсырмаңыз;

- пеште кептіруді болдырмау керек;

- жарықтарды жөндеңіздер.

Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану

Жыл басынан бері облыс аумағында газ баллондарымен байланысты 8 жағдай орын алып, нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Оның ішінде: 4 газ жарылысы  және 4 газ жарылыс толқыны.

Басты себептердің бірі автогаз құю станцияларында (бұдан әрі-АГҚС) тұрмыстық газ баллондарды бақылаусыз толтыру болып табылады. АГҚС-да газ баллондарын толтыру кезінде нормалар, толтыру пайызы сақталмайды, техникалық қызмет көрсету туралы айтпағанда, оларды тексеру де жүргізілмейді. Баллондар қатты толтырылады, бұл жылу әсерінен (жылыту, газдың кеңеюі) жарылыстарға алып келеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес газ жабдықтары мен тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау азаматтық қорғау органдарының құзыретіне кірмейді. Осы газ саласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілеттігі газ қоймаларының, газгольдер станцияларының және өнеркәсіптік тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің өртке қарсы талаптарына сәйкестігін жалпы бақылаумен шектелген. «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар елдімекен шекарасы шегінде тұрмыстық баллондар мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Заңнамада газ баллондарын пайдалануды қатаңдататын талаптар көзделген. Мәселен, Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың 129-тармағына сәйкес стационарлық автогаз құю станцияларында (АГҚС) автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді. Ал, 2023 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық айналымын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды, онда АГҚС-да тұрмыстық баллондарды толтыруға тікелей тыйым салу белгіленді.

Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану себебінен өрттер мен төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану себебінен өрттер мен төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында, Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

- Екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады!

- Балкондар мен лоджияларда газ баллондарын сақтауға болмайды!

- Газ баллондарын суықтан жылы үй-жайларға кіргізген кезде оларды жылыту аспаптары мен пештердің жанына қоюға қатаң тыйым салынады!

- Үй-жайларды газдандыруды, газ аспаптарын ауыстыруды, баллондарды жөндеуді өз бетінше жүргізбеңіздер!

- Автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеңіздер! Тұрмыстық газ баллондарын тек мамандандырылған станцияларында толтырыңыздар!

- Ешқандай жағдайда газ баллондарын шекті нормадан жоғары толтырмаңыздар және баллонның жалпы сыйымдылығының 85%-нан артық асырмаңыздар!

- Жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар!

- Газдың шығуының тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар!

- Балаларға газ құрылғыларын пайдалануға жол бермеңіздер!

«Өрт қауіпсіздігі ережелерінің қарапайым талаптарын назардан тыс қалдырмаңыз. Осы талаптарды сақтай отырып, Сіз өзіңіздің үйіңізді, мүлкіңізді ғана емес, мүмкін өміріңізді де сақтайсыз. Сондықтан сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда екенін тағы да айтқым келеді. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!» - деп қосты Құрмет Жұмекенов.

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі