Балқаш көлінде баласын құтқармақ болған ер адам суға батып кетті

Балқаш көлінде баласын құтқармақ болған ер адам суға батып кетті

12 тамызда Приозерск қаласынан 5 шақырым жерде Балқаш көлінде 2009 жылы туған бала үрмелі матраста жағадан алысқа жүзіп кетіп, өз бетінше қайта алмады. Баланың әкесі құтқарушыларды күтпестен көмекке асығады. Бірақ балаға жете алмастан, өзі суға батқан.
Оқиға орнына келген Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары жағадан 850 м қашықтықта кеткен баланы құтқарып, баланың әкесін іздеуге кіріседі. Іздеу жұмыстары қараңғыға дейін жалғасып, 13 тамызда таңертен қайта басталды.
Суға батқан адамның денесін құтқарушылар бүгін 10:40-та жағадан 350 м қашықтықта тапты.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Егер сіз су қоймасына балалармен бірге келген болсаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі