Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Халықаралық конференцияға қатысты.

Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Халықаралық конференцияға қатысты.

2024 жылғы 4-7 қараша аралығында ТЖМ делегациясы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен IFOC -2024 IV Халықаралық өрт қауіпсіздігі конференциясына қатысты.

Делегация құрамына біздің қызметкер, Қарағанды облысы ТЖД бас маманы Шамшиев Қанат қатысты.

Конференция өрттің алдын алу және тәуекелдерді азайту саласында тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды, онда өзекті мәселелер талқыланды: жанбайтын материалдарды қолдану, биік ғимараттарды жобалау кезінде тәуекелдерді бағалау, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ электромобильдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Халықаралық аренада сөз сөйлеген Министрлік өкілдері еліміздің озық технологияларды ілгерілетуге, үздік әлемдік тәжірибелер мен технологияларды пайдалануға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар тәуекелдерін азайтуға деген ұмтылысына назар аударды.

Мұндай іс-шараларға қатысу өрт қауіпсіздігі саласындағы заманауи тәсілдер мен стандарттарды енгізуге ықпал етеді, бұл елдегі қауіпсіздікті арттыруға оң әсер етеді. Конференция және барлық баяндамалар ағылшын тілінде өтті, бұл біздің мамандардың халықаралық іс-шараларға қатысу үшін кәсіби даярлығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі