Дауылды ескерту.

Дауылды ескерту.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Облыс аумағында дауылды ескерту жалғасуда. 8 қарашада облыстың көп бөлігінде көктайғақ, боран, тұман, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күтіледі.

Жарияланған дауылды ескертуге байланысты Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсыныстарын тыңдауды, қырағы болуды, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады. Аса қажет болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыздар.

Құрылыс объектілеріне халықты және аумақты қолайсыз ауа-райының салдарынан қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау ұсынылады; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының қызметін шектеу.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.