
6 қарашада Қарағанды облысының ТЖ департаменті «Ұлытау» ТК тұрғындарымен «Биік үйлердегі қауіпсіздік» акциясын өткізді.
Акция барысында тұрғындарға ағымдағы жылғы өрттердің статистикасы, олардың пайда болуының негізгі себептері мен салдары жеткізілді.
Сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарына ерекше назар аударылып, бастапқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштерін) қалай пайдалану керектігі және шартты өрт ошағына беру тәсілдері айқын көрсетілді.
Аталған іс-шара соңында тұрғындарға өрт кезіндегі іс-әрекеттерге, балалардың терезеден құлауының алдын алуға, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
Бұл акцияның мақсаты - өрт қауіпсіздігі ережелері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.
Құрметті азаматтар!
Биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бұл азаматтық қорғау органдары қызметтері мен басқарушы компаниялардың міндеті ғана емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі. Тұрақты жаттығулар, жүйелерді тексеру, ережелерді сақтау және өрт болған жағдайда нақты іс-қимыл жоспары қайғылы жағдайдың алдын алуға және өмірді сақтауға ықпал етеді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі