Бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР ТЖМ 2024 жылғы 30 қазандағы 530 ж/қ бұйрығымен аға командалық құрамның кезекті арнаулы атағы «азаматтық қорғау подполковнигі» белгісімен Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚ» №19 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Есентаев Ардақ Дәулетұлы және «азаматтық қорғау майоры» №14 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Райымбеков Дархан Есімханұлы марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР ТЖМ 2024 жылғы 31 қазандағы №535 ж/қ бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖД Қарқаралы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Нұрлан Ерғалиұлы Иргебаевқа «азаматтық қорғау лейтенанты» орта басшы құрамының бірінші арнайы атағы берілді.
Біз сіздерді осы маңызды жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Жаңа атақтар сіздерді одан әрі үлкен табыстарға шабыттандырсын!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі