Қарағандыда балконға қамалып қалған екі әйел құтқарылды

Қарағандыда балконға қамалып қалған екі әйел құтқарылды

11 тамызда Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары балконға қамалған 1931 ж.т. және 1963 ж. т. әйелдерді құтқарып алды.
Әйелдер балконда болған уақытта оның есігі желдің салдарынан жабылып қалған екен.
Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 5-қабаттың терезесінен пәтерге кіріп, балконның есігін ашып береді. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі