
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлерімен авариялық жағдай бойынша бірлескен іс-қимылдар пысықталды
2024 жылғы 31 қазанда «ҚТЖ - Жүк тасымалы» - «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» ЖШС базасында хлордың ағу салдырын жою, су пердесін орнату, өрт сөндіру пойызы сұйық хлордың бетіне көбік шашу арқылы бейтараптандырузарддап шеккендерге көмек көрсету, ықтимал улану аймағын анықтау және жеке құрам мен техниканы санитарлық тазалаудан өткізу бойынша іс-қимылдар жүргізілді.
Жаттығу барысында аңыз бойынша орын алған төтенше жағдай толығымен жойылды. Жұмылдырылған күштер жинақы, жылдам әрі кәсіби әрекет етті.
Шараға ҚТЖ қызметкерлері, 52 859 әскери бөлімі, өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем қызметі, аппаттар медицина орталығы, полиция департаметі, жедел құтқару жасағы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұмылдырылған күштерінің жалпы саны 100 адам жеке құрам мен 20 дана техника. Жаттығу соныңда жіберілген кемшіліктер айқындалып, оларға жол бермеу бойынша нұсқама берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі