«Қысқы кезеңге дайындық» брифинг.

«Қысқы кезеңге дайындық» брифинг.

2024 жылғы 31 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Бөліммен қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған күштер мен құралдар (5056 адам және 1773 бірлік техника) туралы мәліметтер жиналып, қорытындыланды.

Бұл ретте жылу пункттері туралы ақпарат жаңартылды. Мәселен, облыста 177 стационарлық және 161 жылжымалы жылу пункттері жұмыс істейді.

Облыс әкімінің «2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде Қарағанды ​​облысының халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру туралы» өкімі бойынша облыстың қысқы кезеңге кешенді дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің өңірлік ішкі жүйесін ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап жоғары дабыл режиміне көшіру жоспарлануда.

Төтенше жағдайлар департаментімен қысқы жағдайда жұмыс істеуге 74 бірлік жоғарғы өтімді және инженерлік техника дайындалды, негізінен жергілікті бюджет есебінен сатып алынды және мемлекеттік материалдық резервтен брондалған. Барлық өтімділігі жоғары, вахталық автомобильдер белсенді тартылатын болады.

Сондай-ақ, Департаменттің өтімділігі жоғары және вахталық техникасы Теміртау, Осакаровка, Молодежный және Ақсу-Аюлы бағыттарына бойынша орталықтандырылатын болады.

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі