Шетелдік азаматтар тұратын жатақханада өрт-тактикалық оқу-жаттығулар.

Шетелдік азаматтар тұратын жатақханада өрт-тактикалық оқу-жаттығулар.

Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері шетелдік азаматтар тұратын жатақханада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Биылғы жылдың 30 қазанында Медицина университетінің студенттер жатақханасында шетелдік азаматтардың қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды.

Жаттығудың басында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруге арналған дәріс өтті. Көрнекілік ретінде өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін көрсететін бейнероликтер көрсетілді.

Теориялық бөлімнен кейін практикалық сабақ өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар студенттерге төтенше жағдайларда жедел әрекет етуді іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, өрт сөндіргіштерді пайдалану және өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету ережелері көрсетілді.

Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты – шетелдік студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және жатақханаларда өрттің пайда болу қаупін азайту.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін білу – әр адамның қауіпсіздігінің кепілі.

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі