
2024 жылғы 30 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында ол алдағы кезеңдегі алдын алудың негізгі бағыттарын атап өтті.
Биылғы жылыту маусымында тұрғын үй секторында 46 өрт оқиғасы тіркеліп, адам өлімі тіркелген жоқ, 2 адам жарақат алды. Өрттің туындауынсыз 4 адам улы газдан улану салдарынан жарақат алды
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы тұрғын үй тізімдері қалыптастырылды (көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі жандар және зейнет жасындағы тұлғалар). Есепке алынған тұрғын үйлер саны – 4480.
Өрттің алдын алу, сондай-ақ адамдардың өліміне және жарақаттануына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті халықпен үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жылыту маусымы басталғалы бері 16 911 үйде, оның ішінде есепке алынған 4480 әлеуметтік осал топтардың үйінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.
Бүгінгі күнге әлеуметтік осал топтардың үйлеріне 3707 өрт хабарлағыштары орнатылды. Хабарлағыштарды орнату жұмыстары Теміртау қаласын, Абай, Нұра және Шет аудандарын қоспағанда, облыстың барлық қалалары мен аудандарында 100%-ға орындалды, жоғарыда аталған қалар мен аудандарда барлығы 773 өрт хабарлағыштарын орнату қажет.
Айта кетерлік 2018 жылдан бері барлығы 6995 өрт хабарлағыштары орнатылды.
Тұрмыстағы өрттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 23 қазанында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» атты кең ауқымды акциясын өткізді.
Бұл акцияға «AMANAT» партиясының басшылығы және депутаттары, облыстық маслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы, «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының өкілдері, сондай-ақ еріктілер белсенді қатысты.
Бұл акцияның мақсаты – ағымдағы жылыту маусымында жеке секторда өрттердің санын азайту, адамдардың қаза табуы мен жарақаттануының алдын алу.
Акция барысында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді. Оларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, улы газ датчиктері орнатылды және пештің мұржасын дұрыс тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аула аралау барысында «Оттан сақтан!», «Сіріңке – бір өмірдің құны», «Қауіпсіз пеш!», «Таза мұржа» акциялары өткізілді.
Бейнежазбаларды көрсету үшін LED экрандар мен цифрлық дисплейлер кеңінен қолданылады (адам көп жиналатын жерлерде орнатылған).
Сондай-ақ, жыл басынан бері облыстағы 10 радиостанцияның өртке қарсы тақырыптар бойынша радиоқабылдау арқылы тұрғындарды хабардар ету бойынша апта сайын белсенді, ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Төтенше жағдайлардың, адамдардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Біз барлық азаматтарды өз қауіпсіздігі мәселесіне мұқият және байыпты қарауды сұраймыз. Егер сіз белгілі бір ережелерді сақтасаңыз, кез келген бақытсыздықтың алдын алуға болады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз;
- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр аспаптарын пайдалануға;
- мұржаларды уақтылы күйеден тазалау (үш айда бір рет);
- пешті қатты қыздырмаңыз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеу;
- балаларға пеш жағуға рұқсат бермеңіз және оларға сенбеңіз;
- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз және оларға қарауды балаларға тапсырмаңыз;
- пеште немесе оның жанында заттарды кептірмеңіз!
- жарықшақтарды уақтылы бітеу.
«Өрт қауіпсіздігініз қарапайым талаптарын сақтай отырып, сіз өз үйіңізді, мүлкіңізді, мүмкін өміріңізді де сақтайсыз. Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!» – деп қосты Нұрлан Жақыпбаев.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі