
Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген шомылу орындарына рейд жүргізу кезінде Самарқанд су қоймасынан 14 баланы кездестірді. 11-14 жас аралығындағы балалар су айдынында ересектердің қарауынсыз шомылып жүрген.
Кейін балалардың ата-аналарымен түсіндіру әңгімелері өткізілді.
ТЖД құтқарушылары патрульдеу және профилактикалық рейдтер кезінде су айдындарында ересектерсіз балаларды жиі кездестіреді. Мән-жайды анықтаған кезде ата-аналар баласының қайда екенін және оның немен айналысатынын білмей жатады.
Ата-аналарды балалардың бос уақытын қатаң бақылауға шақырамыз. Оларға судағы жүріс-тұрыс ережелерін және шомылу қауіптерін түсіндіру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес белгіленбеген орындарда шомылуға және балалардың суға ересектердің қарауынсыз кіруіне жол берілмейді.
Ағымдағы жылдың шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД бөлімшелері 900-ге жуық рейд және 2600-ден астам су қоймаларын патрульдеу жүргізді.
Қарағанды облысының су айдындарында барлық жерде жүргізілетін профилактикалық іс-шараларға қарамастан, ағымдағы жылы 5 бала суға батып кетті.
Профилактикалық рейдтер шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі