
25 қазан – Қазақстан үшін тәуелсіздік пен халық бірлігін бейнелейтін маңызды күндердің бірі.
Осы айтулы оқиғаға орай Қарағанды облысында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мереке аясында жарқын сәт пен мақтаныш символына айналған Мемлекеттік ту көтерілді.
Шара барысында сондай-ақ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып, қызметте батылдық пен кәсібилік танытқандарға марапаттар берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі