
Республика күні күнтізбеге мемлекеттік мереке ретінде қайта енгізілді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларацияда Қазақ КСР-нің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі.
Дәстүр бойынша салтанатты жиынның ашылуы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марғұлан Аманбаевтың құттықтау сөзімен басталды. «Біздің ұжым республикамыз сияқты тату, көп ұлтты, адамдарды төтенше жағдайлардан құтқару мақсатымен біріккен, әрқайсымыз өзінің қызметтік борышымызды адал атқарғанда ғана бұл мақсатқа жете аламыз», - деді ТЖД басшысы.
Салтанатты жиын барысында ТЖД қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттар табыс етілді. Сондай-ақ, ведомстволық наградалармен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері марапатталды.
Республика күні – өз Отанын, оның тамаша табиғатын, бай тарихы мен төл мәдениетін мақтан ететіндердің барлығына ортақ мереке. Кең де сұлу қазақ жерінде еңбекқор, қонақжай, тарихи өткенге ұқыптылықпен қарайтын халық тұрады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі