
Дайындық деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылғы 23 қазанда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 52859 әскери бөлімінің офицерлері мен келісімшарты бойынша әскери қызметшілерге арналған оқу-әдістемелік жиын өткізді.
Оқыту барысында төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі аспектілері, құтқару операцияларын ұйымдастыру әдістері және түрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимыл тәртібі туралы ақпарат ұсынылды.
Іс-шара әскери қызметшілерді қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге тиімді ден қою үшін даярлаудың маңыздылығын атап өтті және әртүрлі қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі