
Тұрмыстағы өрттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 23 қазанында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» атты кең ауқымды акциясын өткізді.
Бұл акцияға «AMANAT» партиясының басшылығыжәне депутаттары, облыстық маслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы, «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының өкілдері, сондай-ақ еріктілер белсенді қатысты.
Бұл акцияның мақсаты – ағымдағы жылыту маусымында жеке секторда өрттердің санын азайту, адамдардың қаза табуы мен жарақаттануының алдын алу.
Акция барысында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді. Оларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, улы газ датчиктері орнатылды және пештің мұржасын дұрыс тазарту жұмыстары жүргізілді.
Есепке халықтың әлеуметтік осал топтарының 4480 тұрғын үй алынды. Тамыз айынан бастап профилактикалық жұмыстармен 11938 адам қамтумен барлық орындар араланды.
Осы үйлерде ағымдағы жылдың тамыз айының басынан бастап 988 өрт хабарлағыштар орнатылды.
2018 жылдан бастап әлеуметтік осал халықтың үйлерінде барлығы 6832 өрт хабарлағыштар орнатылды.
Барлығы аула аралауларымен 10 мыңнан астам (10 442) тұрғын үй және 25 мың (25 998) адам қамтылды.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысының ТЖД барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін назардан тыс қалдырмауға шақырады!
Тек бірлескен күш-жігермен төтенше жағдайлардың тәуекелдерін және олардың салдарын азайтуға болады!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі