Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қысқы киім үлгісіне көшу бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қысқы киім үлгісіне көшу бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.

Қысқы киім үлгісіне көшуге байланысты ағымдағы жылдың 16 қазанында Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрам арасында оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қысқы күнделікті киімге сәйкестігі, қызметтік куәліктерінің, жеке нөмірлерінің болуы тексерілді. Қысқы киім кию ережелері мен айырым белгілері түсіндірілді.

Сол күні төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлімшелерінде жеке құрамның дайындығы тексерілді.

Ведомстволық талаптарға сәйкес жеке құрамның сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жазғы және қысқы киім үлгісіне көшу кезінде жылына 2 рет оқу-жаттығулар өткізіледі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі