
Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу шаралары жалғасуда.
2023 жылғы 8 сәуірде Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталды, оның мақсаты - елдегі экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде азаматтардың санасын арттыру. Осы бастама аясында 12 қазанда «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан ТЖД басшылығы мен 6-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қылқан жапырақты ағаштар отырғызды.
Ағаш отырғызу - бұл аумақты көгалдандыруға бағытталған маңызды қадам ғана емес, ауа сапасын арттыру және климатты жақсарту тәсілі. Қазіргі заманғы әлем жағдайында, экология қауіп төнген кезде, мұндай іс-шаралар әсіресе өзекті болып отыр.
ТЖД басшылығы акцияға қатысу жақсы дәстүрге және табиғатты қорғауға маңызды үлеске айналғанын атап өтті.
Біз «Таза Қазақстанды» қолдаймыз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі