
2020 жылғы 6 тамызда Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқару бөлімшесі Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімдігінің өтініші бойынша 12-ші шағын аудан, №1 үй мекенжайы бойынша тұрғын үй шатырының темірбетон конструкциясының құлау қаупін жою бойынша жұмыс жүргізді.
Бұл жағдай үйдің кірпіш қалауының құлауы нәтижесінде пайда болды және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға темірбетон плитасының құлауына одан әрі қауіп төндірді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй тұрғындары құтқарушыларға алғыс білдірді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі