Химиялық қауіпсіздікке аса көңіл бөлінуде.

Химиялық қауіпсіздікке аса көңіл бөлінуде.

«Қарағанды Су» ЖШС қауіпті химиялық заттардың авариялық ағу салдарын жою бойынша бірлескен іс-қимылдар пысықталды.

Оқу-жаттығу барысында улы заттың төгілу салдырын жою, зардап шеккенге көмек көрсету және өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар жүргізілді. Нысанның диспетчерлік қызметінің іс-қимылы, су пердесін шашатын жүйенің жұмысы тексерілді.

Жаттығу барысында аңыз бойынша орын алған төтенше жағдай толығымен жойылды. Жұмылдырылған күштер жинақы, жылдам әрі кәсіби әрекет етті, химиялық улы заттың ауаға таралуына жол берілмеді.

Шараға жалпы 56 адам жеке құрам мен 10 дана техника жұмылдырылды. Жаттығу соныңда жіберілген кемшіліктер айқындалып, оларға жол бермеу бойынша нұсқама берілді.