Қарағанды облысында «Отбасы сағаты» бастауын алды

Қарағанды облысында «Отбасы сағаты» бастауын алды

2020 жылғы 4 тамызда Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері Қарағанды қаласының білім бөлімі ұйымдастырған "Отбасы сағаты" жобасы аясында ата-аналар қоғамдастығымен, мектеп өкілдерімен және оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру бойынша тікелей эфирге қатысты.
Тікелей эфир ZOOM платформасы арқылы Фейсбук парақшасында таратылды. Эфир қаланың 80 мектебін (тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері), сондай-ақ ата-аналардың көп санын қамтыды. Сонымен қатар тікелей эфирді 289 қатысушы тамашалады.
Тікелей эфир барысында Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен:
-білім беру нысандарындағы және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері;
- су айдындарындағы балалардың қауіпсіздік ережелері;
- балалардың терезеден құлауына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым оқиғаларға жол бермеу жөніндегі шаралар жеткізілді.