
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Балқаш мыс қорыту зауытында болды.
Металлургия саласындағы өндірістік және технологиялық процестермен танысу мақсатында 2024 жылғы 1 қазанда Балқаш қаласындағы "Kazakhmys Smelting" ЖШС өнеркәсіптік объектілерінде Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлының "Kazakhmys Smelting" ЖШС Бас директоры Байгабелов Жәнібек Алтынбекұлының қатысуымен жұмыс сапары өтті.
Іс сапар барысында Балқаш мыс балқыту зауытының мыс балқыту цехы мен күкірт қышқылы цехында болды. Өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Зауыт өкілдері қауіпсіздік мәселесіне қатысты кәсіпорынды жаңғырту бойынша қабылданған шараларға тоқталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі